Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / Ғылыми-танымдық кітаптың тұсаукесер рәсімі өткізілді

Ғылыми-танымдық кітаптың тұсаукесер рәсімі өткізілді

25  қараша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің  «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры»  мақаласы аясында «Тарихымызды жандандырған –Тәуелсіздік» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында "Жамбыл облысы бойынша Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері" ғылыми-танымдық кітаптың тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Аталған кітаптың тұсаукесер рәсімін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы мен Халықаралық Тараз инновациялық институтының проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Абдуалы Асқар Бегәділұлына берілді. Бұл кітапта Жамбыл облысының аумағында орналасқан ортағасырлық бес ірі қала - Ақтөбе-Баласағұн, Құлан, Өрнек, Қостөбе, Ақыртас сарай кешені 2014 жылы "Ұлы Жібек жолының Чанъань-Тянь-Шань дәлізі" маршруттар желісінің ескерткіштері ретінде ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген объектілер туралы толық мәліметтер берілген. Республикалық және жергілікті маңызға ие тарихи-мәдени ескерткіштер жайлы ғылыми-танымдық ақпараттар жинақталған. Конференцияға келген қонақтар мен қатысушыларға кітап сыйға тартылды.