Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / Ұлттық теңге - ел тәуелсіздігінің символы

Ұлттық теңге - ел тәуелсіздігінің символы

15 қараша - ҚР Ұлттық валюта күніне орай, “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен ежелгі Тараз қалашығынан археологиялық қазба жұмыстарынан табылған нумизматикалық жәдігерлерден құралған көрмесін Тараз инновациялық жоғарғы колледжіне “Ұлттық теңге - ел тәуелсіздігінің символы” атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге 100-ден аса әртүрлі кезеңге жататын монеталар мен қыш бұйымдары қойылды. Әсіресе, түргеш, қарахан, саманид тиындары білімгерлердің қызығушылығын арттырды. Ұлы Жібек жолы бойындағы ақша айналымдары болғандығын дәлелдейтін жәдігерлер бүгін де музей қызметкерлері көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізіп отыр.