Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / 10 - тамыз Абай күні құтты болсын!

10 - тамыз Абай күні құтты болсын!

Түркі әлемінің ортақ мақтанышы, қазақтың ұлы тұлғасы – Абай Құнанбайұлы.

Ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы. Абай – дала философы. Абай шығармашылығы әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы. Абай – қазақтың ұлы Абайы, жер жаһанның алыбы. Жас толқын үшін Абайдың өсиеттері мен өнері асыл қазына.

Сөз патшасы-өлеңмен қиыннан қиыстырған асыл сөздері көптеген ұрпақтың жазушылары мен ақындарына үлкен әсерін тигізіп, үлгі болды. Қазақ поэзиясының кемеңгер тұлғасы Абайдың мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы болып саналады. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.