Мектеп оқушыларына көрме ұйымдастырылды
Бүгін Тараз қаласындағы Өмірбек Жолдасбеков атындағы № 50-орта мектебінің жазғы демалыс лагерінде жүрген бастауыш оқушыларына тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттау мақсатында ежелгі Тараз қалашығынан табылған құнды жәдігерден жасақталған жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ортағасырлық қышбұйымдары,қола шырағдан бөліктері, әртүрлі кезеңге жататын монеталар қойылды. Қорық-музейдің қор кызметкерлері әрбір жәдігерлердің ғылыми сипаттамасымен таныстырып, ежелгі Тараз шаһарының тарихынан сыр шертті. Оқушылар өлке тарихынан деген қызығушылықтарын арттырып, мектеп мұғалімдері алғыстарын айтты.




10 Июнь 2021
1357
16 Нояб 2019