Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / Дөңгелек үстел өтті

Дөңгелек үстел өтті

2021 жылдың мамыр айының 20 жұлдызында Тарихшы, атақты археолог, ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мадияр Елеуовтың 75 жасқа толуына орай, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастырылуымен Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында ғалымның өзімен кездесу дөңгелек үстелі өтті.

Іс-шара барысында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек Жамбыл жеріне келген атақты археолог-ғалым Мадияр Елеуовтың мерейтойымен құттықтап, облыс әкімінің атынан еңбегіне шығармашылық табыстар тілеп Құрмет грамотасын тапсырды.

ҚР Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейің директоры Нұрлан Дүйсеналыұлы Мадияр Елеуовпен бірге атқарған жұмыстары жайында баяндап, қонақтарға мазмұнды әңгімелеріне алғыс білдірді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Райымқұлова Ақтоты Рахматуллаеваның жіберген Құрмет грамотасын табыс етті.

Мадияр Елеуов «Археолог» ғылыми зерттеу тобының жетекшісі болып Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында көптеген ортағасырлық қалалар мен елді мекендерді ашып, ондаған ескерткіштерде қазба жұмыстарын жүргізген. Осы зерттеу тобының құрамында болып, тәжірбие жиған, ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістерін үйренген студенттердің көбісі

бүгінде университеттерінде, ғылыми – зерттеу институттары мен орталықтарда, музейлерде жұмыс істеп жүр.

Ғалымның 75 жас мерейтойына арналған іс-шарасына студенттері келіп құттықтап, археолог мамандарды даярлауға сүбелі үлес қосып жүрген ұлағатты ұстаз екен айтып, жылы ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ іс-шараны жүргізіп отырған студенті Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының директоры Сауран Қалиұлыда ұстазына деген алғыс тілектерін айтып, мерейтойымен шын жүректен құттықтады.