«Музей түні» іс-шарасы ұйымдастырылды
2021 жылдың 18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі «Музей түніне» «Тарихи мұра – халық қазынасы» атты тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Тарихы тағылымға толы Тараз шаһарымызда ашық аспан алаңында «Төрткүл» керуен сарайында өткізілген қорық-музейінің «Музей түні» іс-шарасына 18 мамыр Халықаралық музейлер күнімен қорық-музей қызметкерлерін құттықтап, Жамбыл облысы әкімі Бердібек Мәшбекұлы САПАРБАЕВ өзінің жылы лебіз-тілегін білдіріп қайтты. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің экскурсоводтары Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевқа «Төрткүл» керуен сарайын таныстырып, экскурсия жүргізіп өтті.