Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / «Музей түні» іс – шарасы туралы сұхбат берілді

«Музей түні» іс – шарасы туралы сұхбат берілді

18 – мамыр Музейлік мереке болып табылатын «Музей түні» жобасы қазіргі заманғы халықаралық музей тәжірибесінде кеңінен таралған.

1978 жылдан бастап барлық елдердің музей қызметкерлері 18 мамыр күні өздерінің кәсіби мерекесі «Халықаралық музейлер күнін» атап өтеді. Мереке ресми түрде 1977 жылы Мәскеу қаласындағы Халықаралық музейлер кеңесінің ХІ Бас конференциясында бекітілді. Бірінші болып түнгі мезгілде 1997 жылы Германия музейлері келушілерге өз есіктерін ашты. 2005 жылы француздар «Музей түні» халықаралық музей акциясын жыл сайын өткізіп тұру туралы өз пікірлерін ұсынды. Сол жылы Еуропа Кеңесі аталған ұсынысты бекітті. Акция Халықаралықмузейлер кеңесінің қамқорлығымен өтеді. 2006 жылы әлемнің 38 елінің 2 мыңнан астам музейлері «Музей түні» жобасының қатысушылары болды. 2006 жылы «Музей түні»халықаралық акциясына Қазақстан елі де қосылды.

Осыған орай, ҚР Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері Бағым Тасыбаева мен Лаура Байтурсынова «JAMBYL TV» телеарнасының «Қайырлы таң, Жамбыл!» бағдарламасының тікелей эфирінде 18 мамыр - Халықаралық музейлер күні өтетін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастырылуымен «Музей түні» іс – шарасы туралы сұхбат берілді.