Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / Өмірбекова Айгүл «Жамбыл» радиосына сұхбат берді

Өмірбекова Айгүл «Жамбыл» радиосына сұхбат берді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері»мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі,әр аптаның дүйсенбі күндері FM 108 радиосында «Тараз-ғасырлар куәсі» атты айдарында болатын өлкеміздің тарихы мен тарихи мұраларын насихаттау мақсатында қорық-музей тарихшылары, ғылыми қызметкерлері,қор сақттаушылары және экскурсоводтарынан сұхбаттар беріліп отырады. Ғасырдан ғасырға жалғасқан, атадан  балаға мирас болып келе  жатқан тарихта ескерткіш мұралардың ұлттық мәдениетімізден алар орыны жоғары.Тасын түртсең  тарихынан сыр шертетін Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі ерекше мәдени  мұраға бай тарихи географиялық аймақ болып таныламыз.

«Өткенін білмеген ел болашағын болжай алмайды»-деп, елбасы Н.Ә.Назарбаев  айтып кеткендей, Ұлы Жібек жолы бойында айрықша орыны бар, тарихы терең қалалардың көшін бастап тұрған Тараз жерінде орналасқан  мәдени ескерткіштерімізбен, рухани құндылықтарымызды дәріптеп, жаңғыртуды  жөн көрдік. ҚР Мәдениет және спорт Министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің қор сақтаушысы Өмірбекова Айгүл Арыстанқызы «Жамбыл» радиосына  Көне Тараз археологиялық саябағы туралы және қазба барысындағы табылған теңгелер коллекциясы, зергер көмбесі мен қордағы олардың сақталуы жөнінде сұхбат берді. Халыққа Өлкеміздің тарихын насихаттау мақсатында, Ежелгі Тараз қалашығынан құнды жәдігерлеріміздің табылғандығын, оларды сақтау, есепке алу, пайдалану жұмыстары жайлы айтылды.