Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / «Жамбыл» радиосына сұхбат берілді

«Жамбыл» радиосына сұхбат берілді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері»мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі,әр аптаның дүйсенбі күндері FM 108 радиосында «Тараз- ғасырлар куәсі» атты айдарында болатын өлкеміздің тарихы мен тарихи мұраларын насихаттау мақсатында қорық-музей тарихшылары, ғылыми қызметкерлері,қор сақттаушылары және экскурсоводтарынан сұхбаттар беріліп отырады. Ғасырдан ғасырға жалғасқан, атадан балаға мирас болып келе  жатқан тарихта ескерткіш мұралардың ұлттық мәдениетімізден алар орыны жоғары. Тасын түртсең  тарихынан сыр шертетін Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі ерекше мәдени мұраға бай тарихи географиялық аймақ болып таныламыз.

«Өткенін білмеген  ел болашағын болжай алмайды»-деп, елбасы Н.Ә.Назарбаев  айтып кеткендей, Ұлы Жібек жолы бойында айрықша орыны бар, тарихы терең қалалардың көшін бастап тұрған Тараз жерінде орналасқан  мәдени ескерткіштерімізбен, рухани құндылықтарымызды дәріптеп, жаңғыртуды  жөн көрдік. ҚР Мәдениет және спорт Министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» тарихи-мәдени  қорық музейінің ғылыми қызметкері Балтабаева Зульфия Айдарханова  жергілікті «Жамбыл» радиосына сұхбат берді. Сұхбат барысында  қорық-музейге қарасты 30 тарихи – мәдени  нысандардың атауына тоқталып өтіп, қорық музейдің қазіргі уақыттағы жұмыс барысы туралы айтылды. I-XIX ғасырға жататын 200 жыл бұрынғы мәдениетіміздің ірі ошақтарымыздың бірі «Ежелгі Тараз» қалашығының құрлысы, аумағына тоқталып, тұрғын жайлар және екі керуен сарай, монша-хамам, су жүйесі туралы мағұлмат берілді. Сонымен қатар археологиялық қазба жұмысы барысында табылған қыштан, металдан, қоладан, шыныдан жасалған құнды жәдігерлерімізге тоқталып өтті.