Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / Тікелей эфирде сұхбат берді

Тікелей эфирде сұхбат берді

Елбасының Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қабылданған «Рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалары еліміздегі тарихи-мәдени мұралар мен киелі жерлерді жан-жақты зерделеуде үлкен бетбұрыс болды. Еліміздің тарихи-мәдени мұрасының ең құнды жәдігерлері тарихи ескерткіштер десек, өткен тарих қойнауынан сыр шертетін олар бүгінгі ұрпаққа көп мағлұмат беретіні сөзсіз. 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні! Отанымыздағы ірілі-ұсақты ескерткіштерді қорғау, өзінен кейінгіге жеткізу – бүгінгі ұрпақтың еншісінде. Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. Оны 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрікті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі Кеңес ассамблеясы арнайы бекіткен болатын.

Оның басты мақсаты – тарихи ескерткіштерді сақтау мәселесіне қоғамның назарын аудару. Қазақ даласында әлемді таңғалдыратын небір тарихи орындар мен ескерткіштер бар екені белгілі. Осыған орай, ҚР Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері Ибадильдаева Мадина мен Шаизхан Ұлжалғас «JAMBYL TV» телеарнасының «Қайырлы таң, Жамбыл!» бағдарламасында тікелей эфирде сұхбат берді. Сұхбат барысында, тарихи – мәдени ескерткіштерді сақтау мен насихаттаудағы қорық – музейдің атқарып жатқан жұмыстары жөнінде, музейге қатысты тарихи – мәдени нысандар жайлы, алдағы уақыттағы ауқымды іс – шаралардың жоспары айтылды. Сұхбат соңында халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне байланысты құттықтау айтылды.