«Біздің ел» бағдарламасының меншікті тілшісіне арнайы сұхбат берілді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры БЫҚЫБАЕВ Нұрлан Дүйсеналыұлы «Евразия» телеарнасы «Біздің ел» бағдарламасының меншікті тілшісіне арнайы сұхбат берді. Сұхбат барысында Әулие ата (Жүнісбай) мешітінің тарихы мен қазіргі қайта қалпына келтірілген келбеті туралы мәлімет берілді. Әулие ата мешіті Тараз қаласының ескі бөлігінде, тарихи аумаққа жақын, Б.Адамбаев көшесі №24 ғимаратта орналасқан. Қаламыздың орталық мешiті – Әулиеата мешiтi жергiлiктi жанашыр азамат, көпес Қали Жүнiс Майюсуповтың демеушілігімен шебер Сейдулла Қожаның басшылығымен 1913 жылы бой көтерген.