Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / «Жыр патшалығының алыбы»

«Жыр патшалығының алыбы»

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық - музейінің қызметкерлері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Тараз қаласының білім бөлімі №51 орта мектебіне Жамбыл Жабаевтың туылғанына 175 жыл толуына орай «Жыр патшалығының алыбы» атты тақырыпта жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты ақынның шығармаларын кеңінен насихаттау, ел бірлігін жырлаған жырлары арқылы жас ұрпақты отаншылдық сезімге баулу. Сонымен бірге тарих қойнауынан бүгінгі күнге дейін жеткен – Ежелгі Тараз қалашығынан табылған құнды да бірегей жәдігерлерімізбен таныстырылды. Мектеп ұжымы алғысын білдіріп, мектеп директоры Б.Ж. Сапаралиева Алғыс хатпен марапаттады.