Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / «Жыр алыбы - Жамбыл»

«Жыр алыбы - Жамбыл»

Ағымдағы жылдың 21 қаңтарында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі Тараз қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы №5 мектеп гимназиясында «ХХ ғасыр Гомері» деп саналған Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жыр алыбы - Жамбыл» атты тақырыптық жылжымалы үйірме ұйымдастырды. Үйірме барысында оқушылардың назарына алдымен Жамбыл Жабаевтың өлеңдерінен арнайы постерлер мен киелі Тараз қаласының орнынан табылған ортағасырлық құнды да бірегей жәдігерлерден жасақталған жылжымалы көрме қойылды. Аты аңызға айналған халық ақыны, жыраулық өнерінің шебері, айтыскер - Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын және мекемеге қарасты тарихи-мәдени мұрамыздың бірі - Жамбыл Жабаевтың ескерткішінің тарихы оқушыларға тереңнен жеткізілді. Жамбыл өңірінің ғана емес күллі қазақ елінің мақтанышы айналған ақынның мұрасы мәңгі ұмытылмайды.