Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / «Абай мұрасы – халық ұлағаты»

«Абай мұрасы – халық ұлағаты»

Халқымыздың біртуар ұлы, ұлы кемеңгер, ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы еліміз бойынша жоғары деңгейде атап өтілуде. Адамзаттың бүкіл болмысы мен қадір қасиетін, салауатты тұрмыс салтын, өмірдің өзекті тұстары мен тығырықтан алып шығар тиектерін айшықтайтын өлеңдері мен қара сөздері бүгінгі ұрпаққа салқылмас азық. Оны қаншалық насихаттасақ соншалық ұтарымыз айқын.

Ағымдағы жылдың 26 -ншы ақпан күні Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Желсіз түнде жарық ай» атты концерт-композиция аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Киелі көне Тараз қаласының орнынан табылған ортағасырлық құнды да бірегей жәдігерлер көрермен көзайымына айналғаны рас. Әсіресе, ҚР еңбек сіңірген әртісі Асқарбек Сейілханның Абай бейнесін сомдауы көрме көркін аша түсті. Көрмені тамашалаған өңір басшысы Бердібек Мәшбекұлы Сапарбаев әрбір экспонаттың тарихына қызығушылық білдірді.

Концерттік бөлімде Абайдың өмір белестері сомдалып, шығармаларынан қара сөздер мен әндер орындалды.