Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / «Жамбыл дарыны» орталығымен екіжақты Меморандумға қол қойылды

«Жамбыл дарыны» орталығымен екіжақты Меморандумға қол қойылды

Бүгін тарихи-мәдени мұраларды насихаттауға, мәдениет, тарих, археология мен туризмді дамыту барысындағы жүйелі жұмыстарды жас ұрпаққа жеткізу мақсатында Тараз қаласындағы Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығымен екіжақты Меморандумға қол қойылды. Орталық басшылығы  Жамбыл өңірінің ежелгі ескерткіштерін қорғап, оны ел тұрғындары мен өңір туристеріне насихаттауда белсенділік танытып жүрген «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық музейі ұжымын Алғыс хатпен марапаттады.