Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / «Музейге сыйлық» акциясын жалғастыруда

«Музейге сыйлық» акциясын жалғастыруда

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі музей қорын жаңа артефакттармен толтыру мақсатында «Музейге сыйлық» акциясын жалғастыруда.
Онда ортағасырлық Тараз және оның аумағына қатысты кездейсоқ табылған археология жәдігерлері (құмыралар, ыдыстар және басқа заттар) басты назарға алынған.
Біз халықты өз жерінің патриоты болуға және тарихи-мәдени мұраны насихаттауға үлес қосуға шақырамыз!
Акцияға қатысқан әрбір азаматтың есімі музей тарихында мәңгі сақталады. Акцияда қабылданған әрбір зат музей экспозициясынан лайықты орын алады!
Біздің мекен-жайымыз:
Тараз қаласы, А.Бектұрғанов көшесі №3 үй.
Жұмыс уақыты 09.00-18.00 Сенбі, жексенбі – демалыс.
Байланыс телефондары: 43-08-26.
E.mail: tarzapmuz.mail.ru
Біз Сізді күтеміз!