Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / Теңге күніне орай — ұлттық тарих пен мәдени құндылықтарға тағзым

Теңге күніне орай — ұлттық тарих пен мәдени құндылықтарға тағзым

          Тәуелсіз Қазақстанның төл валютасы — Теңге күніне арналған арнайы шығарылым аясында Жамбыл телеарнасының «Рауан» бағдарламасына «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының өкілдері арнайы қатысты.

          Бағдарлама қонақтары: Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімінің кіші ғылыми қызметкері — Гүлмарал Үшкемпірқызы, ,бөлімнің тарихшысы — Ұлжан Қаныбекқызы.

          Тікелей эфир барысында мамандар Көне Тараз қалашығынан табылған құнды жәдігерлерді, сауда-экономикалық байланыстар мен ақша айналымының даму тарихын, ортағасырлық Тараздың өркениеттік маңызын терең талдап, көрермендерге мазмұнды ақпарат ұсынды.

 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «ЕЖЕЛГІ ТАРАЗ ЕСКЕРТКІШТЕРІ» (@ezhelgitaraz_muzei)