«Тараз қалашығы – көне өркениет ордасы» атты танымдық дәріс өткізілді
"Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының” ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау" бөлімінің тарихшысы Орынбасар Ақерке М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінде тарих мамандығының бірінші курс студенттеріне «Тараз қалашығы – көне өркениет ордасы» атты танымдық дәріс өткізді.
Бұл дәріс барысында студенттерге көне Тараз қаласының тарихы, археологиялық зерттеулердің нәтижелері мен ескерткіштердің мәдени маңызы туралы кеңінен мағлұмат берілді. Сонымен қатар, музей-қорықтың аймақтың тарихи мұрасын сақтаудағы және насихаттаудағы рөлі туралы айтылды.



11 Нояб 2025
117
16 Нояб 2019