Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / Тараз топырағынан табылған алтынмен апталған тарих!

Тараз топырағынан табылған алтынмен апталған тарих!

         Ежелгі Тараз өркениеті — тек қала емес, мыңжылдықтар сырын сақтаған қазына. Археологиялық
қазба жұмыстары барысында көне шаһардың дәл жүрегінен алтыннан жасалған бірегей көмбе табылған болатын.
        Зергерлік бұйымдар
        Ұсақ алтын түйіршіктер мен теңге қалдықтары
        Биік мәртебелі тұлғаларға тиесілі әшекейлер
Бұл жәдігерлер — Тараздың VI–XII ғасырлардағы гүлденген сауда, өркениет және қолөнер орталығы
болғанының айқын дәлелі.
        Ұлы Жібек жолының бойындағы Тараз — байлық пен мәдениеттің түйіскен мекені. Ал табылған
алтын көмбе — соның айғағы!
        Тарихымызды түгендеп, рухани мұрамызды бағалайық! Көне Тараз – мәңгілік қала!