Тараз – ұлы өркениеттердің тоғысқан мекені!
Бүгін көне тарих пен заманауи ғылым тоғысқан ерекше шара — «Тараз – тарих және тағылым»
атты халықаралық ғылыми-танымдық конференция Тараз қаласында өтті.
Бұл басқосудың басты мақсаты – Тараздың бай тарихи-мәдени мұрасын, ежелгі қалалық өркениеттегі
орнын және қазіргі ғылыми зерттеулердің жаңа бағыттарын талқылау арқылы ұлттық тарихи жадты жаңғырту,
Тараздың өркениеттік маңызын насихаттау болды.
Конференция жұмысына Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан сынды
алыс-жақын шетелдерден келген тарихшы, археолог, мәдениеттанушы ғалымдар мен зерттеушілер қатысты.
«Тараз – мыңжылдықтардан сыр шерткен, сан мәдениеттің тоғысқан қасиетті мекені. Бұл шаһарды
зерттеу – ұлт тарихының терең қатпарларын ашу», – деді «Ежелгі Тараз ескерткіштері» музей-қорығының
директоры Нұржан Мергенбай. Тарих ғылымдарының кандидаты Жұман Смаилов өз сөзінде:
«Таразды зерттеу – әлі ашылмаған сырларды тану. Бұл өлке ежелгі замандарда маңызды саяси және мәдени
орталық болған», – деп атап өтті. Конференция аясында ғылыми баяндамалар, пікірталастар және Тараз
өңірінің тарихи мұраларын сақтау мен зерттеу бағытындағы жаңа ұсыныстар талқыланды.
Тараз – тарих пен тағылымның тоғысқан мекені!
Ұлт рухын ұлықтайтын ғылыми қадам!





15 Окт 2025
255
16 Нояб 2019