Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / Таңбалы шатқалындағы қола дәуірінің қорымдары

Таңбалы шатқалындағы қола дәуірінің қорымдары

Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ұйымдастыруымен «Таңбалы шатқалындағы қола дәуірінің қорымдары» атты жылжымалы көрменің ашылу салтанаты өтті.

Көрме барысында қола дәуіріндегі жерлеу рәсімдері мен ғұрыптық дәстүрлерге қатысты құнды экспонаттар жұрт назарына ұсынылып, ежелгі мәдениеттің терең тарихына үңілуге мүмкіндік берілді.

Шараға “Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығының мүшелері, тарихшылар мен БАҚ өкілдері арнайы қатысып, көрмеге зор қызығушылық танытып, ұйымдастырушыларға ұсыныс-пікірлерін білдірді.

 

https://www.instagram.com/p/DMKiNtKvUbj/