22 жылдан кейін орындалған арман
Қызылорда облысы, Қазалы ауданынан келген қадірлі қонағымыз Айша анамыздың кесенесіне келуді
22 жыл бойы жүрегінде сақтап келген екен. Уақыт пен тағдырдың тоғысуымен биыл сол асыл арманы
орындалып, қасиетті мекенге табан тіреді.
Есімім Айша болған соң, Айша бибі кесенесіне барып тағзым етуді армандадым. Бүгін сол арманым
72 жасымда орындалып сәті түскен күн болды. Енді ғана жүрегім тыныш тапқандай болды”, – деп толқынысқа
толы лебізімен бөлісті.
Айша анамыздың кесенесі – тек сәулет ескерткіші емес, ол қазақ әйелінің сұлулығы мен рухани
тазалығының символы. Осындай ізгі ниетпен келген жанның аман-сау сапары, тілеген тілегі қабыл болсын!
12 Авг 2025
513
16 Нояб 2019