Халықаралық конференциядан қуанышты жаңалық!
«Отырар музейі кеше және бүгін: музей ісінің даму үдерістері мен жаңа мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы табысты өтті. Осы ауқымды шараға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызы, бөлім тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы белсенді түрде қатысып, сертификатқа ие болды!
Бұл – музей саласындағы жаңа ізденістерге, кәсіби тәжірибе алмасуға және ғылым мен мәдени мұраны ұштастырудағы маңызды қадам.
Құрметті әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Ізденістеріңіз табысты, еңбектеріңіз жемісті болсын!


13 Июнь 2025
744
16 Нояб 2019