Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / «Отырар музейі кеше және бүгін: музей ісінің даму үдерістері мен жаңа мүмкіндіктері»

«Отырар музейі кеше және бүгін: музей ісінің даму үдерістері мен жаңа мүмкіндіктері»

       Бүгін «Отырар музейі кеше және бүгін: музей ісінің даму үдерістері мен жаңа мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
       Жиында “Ежелгі Тараз ескерткіштері” тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызы 2014–2017 жылдар аралығында Тараз қаласында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары мен зерттеулері туралы баяндама жасады.
       Сондай-ақ, аталған бөлімнің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы ортағасырлық Түймекент қалашығы жайлы қызықты деректермен бөлісті.
       Бұл баяндамалар конференцияға қатысушылардың қызығушылығын тудырып, тарихи-мәдени мұраларды зерттеу мен сақтаудың жаңа қырларын ашты!