Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / ДӨҢГЕЛЕК СТОЛ: БЕКМАХАНОВ ЖАЙЛЫ БІЛІМ БЕРІЛДІ

ДӨҢГЕЛЕК СТОЛ: БЕКМАХАНОВ ЖАЙЛЫ БІЛІМ БЕРІЛДІ

          Бүгін тарих ғылымдарының докторы, ғалым, профессор Ермұхан Бекмахановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Аңызға айналған есім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараны ұйымдастырған «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімі қызметкерлері Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейінің оқушыларына қазақ тарихын кең көлемде зерттеген тұлғаның өмірі мен қызмет жолы жайлы мағлұмат берді. Сондай-ақ Ермұхан Бекмахановтың Қазақстан тарихындағы еңбегі мен ғылыми жетістіктері, халық ағарту саласы мен мектеп оқулықтарының дамуына қосқан үлесі туралы көбірек айтылды.