ҚЫЗЫҚТЫ «КВЕСТ» ОЙЫНЫ
Бүгін «Көне Тараз» археологиялық саябағында «Квест» ойыны өтті. Бұны «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» мекемесі мен № 61 орта мектебі бірлесе ұйымдастырды.
Тарихи танымды кеңейтуге арналған «Квест» ойынында оқушылар өлкеміздегі ежелгі ескерткіштер жайлы деректерге толық қанықты десек болады. Ойын басталмас бұрын экскурсовод пен тарихшылар оқушыларға аймақтағы тарихи орындар жайлы айтып, сонымен қатар, археологиялық саябақтың ішкі құрылысын толық түсіндірді. Содан соң олардың білімділігін анықтау үшін тақырыпқа қатысты түрлі сұрақ жасырды. Барлығы 12 сұраққа іздену кезінде мектеп оқушылары екі топқа бөлініп, ескерткіштерді аралап, әр нысанға жекелей тоқтап, сол арқылы дұрыс жауапты табуға тырысты.
Ойын соңында жеңімпаз топқа «Қали Жүніс» моншасына біркүндік экскурсия сертификаты табысталды. Ал келесі топ арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды. Айта кетейік, мұндай танымдық шаралар алдағы уақытта өзге мектеп оқушыларымен бірге жалғасатын болады.
25 Фев 2025
467
16 Нояб 2019