Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / СТУДЕНТТЕРГЕ ДӘРІС ЖАЛҒАСУДА

СТУДЕНТТЕРГЕ ДӘРІС ЖАЛҒАСУДА

       Мекемемізде жұмыс істейтін мамандар Тараз қаласында орналасқан жоғары оқу орнындарында студенттермен жиі кездесіп, дәріс өткізіп келеді. Сондай дәріс беру сабағы бүгін Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінде болды. «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы аталған оқу орнының «Тарих» мамандығында оқитын 1 курс студенттеріне музей-қорыққа қарасты 30 ескерткіш жайлы мағлұмат берді. Сондай-ақ қала орталығында тұрған Жамбыл ақынның ескерткішіне кеңірек тоқталды.
       Дәрісте алдымен жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын айтылды. Одан соң тарихышымыз ескерткіштің тұрғызылу тарихын баяндады. Айта кетейік, бұл мүсіндік композиция 1961 жылы орнатылған. Яғни қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, әйгілі ақын Жамбылдың бейнесі кескінделген. Ақын ұлттық киімде, сол қолына домбыра ұстап, ән-күй мен поэзияның символы ретінде көрсетіліп тұр. Мүсін мыс араластырылған шойын қоспасынан құйылып, оның сыртына қола жалатылған.