Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / ҚЫТАЙЛЫҚТАР ТАРАЗ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚЫТАЙЛЫҚТАР ТАРАЗ ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

     ТАРИХ ПЕН ТУРИСТ
     Кеше «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» мекемесіне қарасты «Көне Тараз» археологиялық саябағында шетелдік туристер болды. Қытайдың Fuzhou провинциясының Fujian қаласынан келген қонақтар ежелгі Тараз тарихынан көп мәліметке қанықты. Мекеме экскурсоводы Нәзира Бахытқызы оларға әуелі ашық аспан астындағы саябақтың ашылу тарихын айтып берді. Бұған қоса мұнда көне қаланың орны болғанын әңгімелеп, қазба кезінде табылған көптеген бұйымдар тарихына жекелей тоқтап өтті.
     Айта кетейік, 2011–2017 жылдары дәл осы саябақ орнында археологиялық қазба жұмыстары жүріп, ежелгі қала тіршілігін айғақтайтын 4 мыңнан астам жәдігер табылған еді. Сондай-ақ екі көмбе аршылып, әйел адамның әшекей бұйымдары мен бірнеше алтын, күміс, мыс тиындар алынды. Қазір мұндағы көне дәуірге жататын екі керуен сарайы, медресе, монша мен зындан орны, сондай-ақ нан пісіретін пеш және өзге тұрмыстық ыдыстар топтамасы келушілер қызығушылығын арттырып отыр.