Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / СЕНАТОРЛАР АЙША БИБІ КЕСЕНЕСІНДЕ

СЕНАТОРЛАР АЙША БИБІ КЕСЕНЕСІНДЕ

       Бүгінде турисі толастамайтын Тараз қаласы маңындағы Айша бибі кесенесінде ҚР Парламенті Сенатының бір топ депутаттары болды. Сенатор Әли Бектаев бастаған қонақтарды кесене тарихымен біздің ұжымның экскурсоводі Ақгүл Алтынбекова таныстырды.
       Келуші қонақтарға Айша бибі туралы аңыздың бірнеше нұсқада екендігі, осы тарихи тұлғаның Қарахан бабамен байланысы және кесененің қай ғасырда тұрғызылғаны жөнінде көптеген ақпарат айтылды.
       Сондай-ақ депутаттар «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» мекемесінің негізгі атқаратын жұмысымен танысып, оған қарасты 30 тарихи ескерткіштер туралы мәліметке қанықты.