Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / «ӘУЛИЕАТА ЖАУҺАРЛАРЫ» тарихи-танымдық экспедициясы басталды!

«ӘУЛИЕАТА ЖАУҺАРЛАРЫ» тарихи-танымдық экспедициясы басталды!

    Бүгін ерекше бастама – «Әулиеата жауһарлары» тарихи-танымдық экспедициясы өз сапарын Ежелгі Тараз мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Ақыртас археологиялық сәулет кешенінен бастады.⠀
    Жастарға Ақыртас кешенінің бай тарихы мен аңыз-әңгімелерін музей-қорықтың экскурсоводы Ақгүл Алтынбекова таныстырды.⠀
    Айта кетейік, бұл экспедиция үшінші жыл қатарынан табысты ұйымдастырылып келеді.⠀
    Экспедицияға:
▫️ Волонтерлер
▫️ Жастар ресурстық орталығының мамандары
▫️ Ассамблея жастары
▫️ Ауылдық және аудандық мектептердегі тарих пәні мұғалімдері
▫️ Түрлі салада жұмыс істейтін белсенді жастар қатысуда.⠀
   Мақсат – Әулиеата өңірінің тарихи мұраларын, мәдени-рухани құндылықтарын насихаттау, жас ұрпақтың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру.