“Оххум қалашығындағы археологиялық зерттеулер” тақырыбында танымдық дәріс
М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің “География мұғалімдерін даярлау” мамандығының 1 курс студенттері үшін “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімінің” қызметкерлері “Оххум қалашығындағы археологиялық зерттеулер” тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Дәріс барысында студенттер Оххум қалашығының тарихи маңызы, археологиялық зерттеу әдістері мен табылған жәдігерлер жайында тың мәліметтер алды. Бұл шара болашақ география пәні мұғалімдерінің кәсіби көзқарасын қалыптастыруға және тарихи-мәдени мұраларға деген құрметін арттыруға бағытталды.



13 Май 2025
600
16 Нояб 2019