Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / «Ұлы Отан соғысының батырлары» тақырыбында дәріс өтті

«Ұлы Отан соғысының батырлары» тақырыбында дәріс өтті

       «Ұрпақтар сабақтастығы арқылы жеткен Жеңіс» жалпыреспубликалық акциясы аясында «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Кәрібекова Ақдидар Жәнібекқызы Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің «Тарих» мамандығының 1-курс студенттеріне дәріс өткізді.      

      Кездесу барысында тарихшы соғыс жылдарындағы қазақстандық батырлардың ерлігі, олардың есімін ұрпақ жадында мәңгілікке қалдырудың маңызы туралы айтып, тарихи деректермен бөлісті. Бұл дәріс жас ұрпаққа патриоттық рух беріп, тарихи сана қалыптастыруда ерекше рөл атқарды. #ұлыжеңіске80жыл #ежелгітаразескерткіштері