«Келешектің тұтқасы – білімді ұрпақтар» жылжымалы көрме 15.01.25-27.01.25
15 қаңтар. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері №11 орта мектебінің оқушыларына «Келешектің тұтқасы – білімді ұрпақтар» тақырыбында жылжымалы көрме жасақтады. Ескерткіштердің құндылығын әрі мән-мағынасын музей-қорық мамандары айтып түсіндірді. Жылжымалы көрмеге Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан құйылған шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар, тиындар жиынтығы және сиясауыт сынды көптеген жәдігерлер қойылды. Іс-шара соңында мектеп ұстаздары мен оқушылары музей-қорық қызметкерлеріне алғысын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.
24 қаңтар. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Т. Рысқұлов атындағы № 48 орта мектебінде қалалық семинарға байланысты, келуші қонақтарға, мектеп ұстаздарына, оқушыларына «Келешектің тұтқасы–білімді ұрпақтар» тақырыбында жылжымалы көрме жасақталды. Ескерткіштердің құндылығын әрі мән-мағынасын музей-қорық мамандары айтып түсіндірді.
27 қаңтар. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері М. Жұмабаев атындағы № 21 орта мектептің ұстаздары мен оқушыларына тарих апталығы аясында «Келешектің тұтқасы – білімді ұрпақтар» тақырыбында жылжымалы көрме жасақтады. Ескерткіштердің құндылығын әрі мән-мағынасын музей-қорық мамандары айтып түсіндірді. Жылжымалы көрмеге Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан құйылған шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар, тиындар жиынтығы және сиясауыт сынды көптеген жәдігерлер қойылды.