Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / №49 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларына «Ескерткіштер – елдіктің бейнесі» тақырыбында дәріс

№49 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларына «Ескерткіштер – елдіктің бейнесі» тақырыбында дәріс

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері №49 Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларына «Ескерткіштер – елдіктің бейнесі» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты: Өңіріміздегі ғасырлар қойнауынан жеткен халық қазынасы, тарихтың беймәлім сырлары тұнған, ел өмірінің тілсіз куәгері саналатын тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау. Ұлтымыздың рухани байлығы саналатын құнды да бірегей жәдігерлерді өскелең ұрпаққа дәріптеу.
Дәріс барысында: Музей-қорыққа қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен әртүрлі аңыз, әңгімелер айтылды.