«РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ» арналған діни бірлестіктердің өкілдері мен дін саласындағы сарапшылардың кездесуі
Жамбыл облысының аумағында қызметін жүзеге асыратын өңірдің барлық конфессияларының діни бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуының алдын алу мақсатында 2024 жылдың қазан айының 16-сы күні Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасы «РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ» арналған діни бірлестіктердің өкілдері мен дін саласындағы сарапшылардың кездесуін өткізді.
Аталған кездесуге өңірдегі Тараз қаласы мен барлық аудандарының Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстағы өкілдері, Христиан бағытындағы діни бірлестіктердің өкілдері, қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат бөлімінің басшылары, «Қоғамдық келісім» КММ-сі мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» КММ-нің дінтанушы, психолог және теолог мамандары, облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы мен БАҚ өкілдері қатысып, 120-ға жуық адам қамтылды.
Аталмыш іс-шараға қатысушы қонақтар кездесуден кейін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты «Көне-Тараз» тарихи этно-мәдени кешені мен «Ақыртас» сәулет-археологиялық кешеніне экскурсия жасады. Экскурсия барысында қонақтар Жамбыл облысының тарих және мәдениет ескерткіштері жайлы тың ақпараттармен танысып, музей-қорық экскурсоводтарына алғыстарын білдірді.