Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / «Тунжень политехникалық колледжінің» оқытушылары мен студенттеріне ХАЛЫҚАРАЛЫҚ дәріс

«Тунжень политехникалық колледжінің» оқытушылары мен студенттеріне ХАЛЫҚАРАЛЫҚ дәріс

Ағымдағы жылдың 1 қазанында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «ЖІБЕК ЖОЛЫ: ЧАНЬАН-ТЯНЬ-ШАНЬ ДӘЛІЗІНІҢ МАРШРУТТЫҚ ЖЕЛІСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАШЫҚТАРЫ» тақырыбында Қытай Халық Республикасының Тунжень қаласындағы «Тунжень политехникалық колледжінің» оқытушылары мен студенттеріне ХАЛЫҚАРАЛЫҚ дәріс өткізді. Дәріс барысында музей-қорыққа қарасты Ақтөбе (Баласағұн), Құлан, Өрнек, Қостөбе қалашықтарының, «Ақыртас» кешенінің тарихы, аңыз-әпсаналары баяндалды. Сонымен қатар орта ғасырда өркениеті мен мәдениеті дамыған «Тараз қалашығы», Қазақстанның інжу-маржаны саналатын Айша бибі кесенесі мен Тараз қаласына 100 жыл бойы Әулиеата есімі берілген Қарахан бабының кесенесі туралы да мағлұмттар берілді. Дәріс соңында студенттер мен оқытушылар өздерінің жылы лебіздерін білдірді.