Жұмағұлова Фариза ортағасырлық «Құлан»қалашығына экскурсия жүргізді
«Түркі халықтарының рухани құндылықтары мен мәдени мұрасы» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы және түркі мәдениеті мен мұрасы қоры жанындағы реставраторлар мен тарихшы-сәулетшілер Консультативтік Кеңесінің қатысушылары мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілген Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында орналасқан «Құлан » қалашығына іссапармен келді. Іссапар барысында Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінен келген қонақтар музей-қорық ұйымдастырған ұлттық тағамдар қойылған дастарханнан дәм татып, ерекше ықыластарын білдірді. Сонымен қатар қонақтарға «Музей ісі және экскурсиялық қызмет» бөлімінің экскурсоводы Жұмағұлова Фариза ортағасырлық «Құлан»қалашығына экскурсия жүргізді.