№32 орта мектепте «Тарих аясындағы көне Тараз» көрмеcі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен №32 орта мектепте «Тарих аясындағы көне Тараз» атты жылжымалы көрме өткізілді. Аталмыш көрмеге VIII–ІХ ғғ. жататын соғдылық үлгіде жасалған қыш құмыралар, ортағасырлық асханалық қыш ыдыстар: құмыралар, табақтар, көзелер, қақпақтар, суқұйғыштар; мұстахара (торсық), сынапкөзелер, шырағдандар, моншақтар, күміс, нефрит, қола белдік жапсырмалары, әр кезеңге жататын монеталар қойылды.



01 Май 2024
900
16 Нояб 2019