№51 орта мектебінде 1 наурыз – Алғыс айту 2024
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Нарғозы Данаев атындағы №51 орта мектебінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Тарих аясындағы көне Тараз» тақырыбында жылжымалы көрме өтті.
Жылжымалы көрме барысында оқушылардың назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Сондай-ақ, әр кезеңге жататын мәдени қабаттан табылған қыш бұйымдары мен металдан жасалған бұйымдардың мерзімі, жасалу техникасы мен пайдалану мақсаты түсіндірілді. Жылжымалы көрменің жасақталуының басты мақсаты – ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы, ұлтымыздың рухани байлығы – құнды жәдігерлерді өскелең ұрпаққа насихаттап, дәріптеу болып табылады. Өз кезегінде, оқушылар мен ұстаздар алғыстарын білдіріп, өздерінің үлкен қызығушылықтарын танытып, көрмеден алған әсерлерін таңданыспен жеткізді.

01 Март 2024
1119
16 Нояб 2019