Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / К. А. Ақышевтың 100 жылдық мерейтойы «Ислам дәуіріне тән: Қарахан, Айша бибі кесенелері» онлайн дәріс

К. А. Ақышевтың 100 жылдық мерейтойы «Ислам дәуіріне тән: Қарахан, Айша бибі кесенелері» онлайн дәріс

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қазақтың көрнекті археологы К. А. Ақышевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Ислам дәуіріне тән: Қарахан, Айша бибі кесенелері» тақырыбында Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының қызметкерлеріне республикалық онлайн дәріс ұйымдастырды.
Онлайн дәрістің мақсаты: «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты республикалық маңызы бар ортағасырлық қала құрылысы және сәулет ескерткіштерінің бірі Қарахан, Дәуітбек, Айша бибі, Бабаджа хатун кесенелерінің ислам өркениеті тұсында салыну тарихымен, аңыз әпсаналарымен, түркі мәдениетіне қосқан үлесі мен орнын таныстыра отырып, насихаттау болып табылады. Сонымен қатар онлайн дәріс барысында мамандар өзара тәжірибе алмасу арқылы тың идеялардың бастамасына жол ашып, екі республикалық музей-қорық арасында ынтымақтастық байланысты одан әрі нығайту көзделіп отыр.
Онлайн дәріс жұмысы келесі бағыттарды қамтыды:
– Тараз – өткен мен болашақтың түйіскен қаласы
– Қазақстанның орта ғасырлардағы сәулет өнерінің үздік ескерткіші – Қарахан
кесенесі
– Айша бибі кесенесі – махаббаттың мәңгілік символы