Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / Баба тарихтың куәсі – ежелгі Тараз

Баба тарихтың куәсі – ежелгі Тараз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «2022 жыл – Балалар жылы» деп жариялауына байланысты, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Баба тарихтың куәсі – ежелгі Тараз» атты жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы өткізіледі.

Отырар жұртшылығы мен қонақтарға ежелгі Тараз қалашығынан табылған құнды да, бірегей жәдігерлерден тұратын жылжымалы көрме жасақталады. Көрмеге VIII–ІХ ғғ. жататын соғды үлгісінде жасалған қыш құмыралар, ортағасырлық асханалық қыш ыдыстар: құмыралар, табақтар, көзелер, қақпақтар, суқұйғыштар; мұстахара (торсық), сынапкөзелер (сфероконустар), шырағдандар, моншақтар, күміс, нефрит, қола белдік жапсырмалары, әр кезеңге жататын монеталар қойылады.