Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / «Жас археологтар» атты іс-шара ұйымдастырылды

«Жас археологтар» атты іс-шара ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасының "Ежелгі Тараз" ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей- қорығы “Даналық” қоғамдық қорығымен бірлесе отырып, "Асыл мұра" жобасы аясында, рухани құндылықтардың ордасы болған “Көне Тараз” археологиялық саябағында қалалық №53 мектеп оқушыларына “Жас археологтар” атты іс-шара ұйымдастырылды. Көзделген басты мақсат бабаларымыздың даналығы болған асыл мұрамызды насихаттау, өскелең ұрпаққа ғылыми және мәдени тұрғыда түсіндіріп, көрсету. Сонымен қатар асыл құнды дүниелерді арнайы мамандардың көмегімен жеткізіп, балаларды іздемпаздыққа, шығармашылыққа үйрету болып табылады.

Іс-шара барысында: архелогиялық көрме, "Қарахан", "Дәуітбек", “Тектұрмас” кесенелерінде экскурсия, археолог маманнан шеберлік сағаты, ой-пікір алмасу, балалардың өз ізденісіне уақыт берілді. Балалардың шынайы әсер алғандығы, олардың кіршіксіз таза жүздерінен көрініс тапты.

Сондай-ақ мектеп оқушылары өздерінің жылы лебіздерін білдірді: "Ежелгі Тараз" ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығына қарасты "Көне Тараз" қалашығының тарихына саяхат жасадық. Тараз жерінің тарихы жайлы көптеген мәліметтер алдық. Археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған жәдігерлерді өз көзімізбен көріп, археологиялық қазба жұмыстарына импровизация жасалды. Тараз даласының әрбір тауы, әрбір тасы аңызға толы екеніне көз жеткіздік. Ескерткіштер - ел мұрасы, өлке ескерткіштерін қорғау мен сақтау жолында үлес қосып жүрген қорық ұжымына алғыс білдіреміз".