Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / Мұхтар Шаханов Әулиеата жерінде

Мұхтар Шаханов Әулиеата жерінде

Қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов Әулиеата жерінде.

Тараз төрінде, Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы және Қырғызстанның халық ақыны Мұхтар Шаханов ағамыз Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи-мәдени нысандарда болды. Құрметті қонақтарға ең алдымен экскурсия тарихы тереңнен тамыр жайған Әулиеата өңірінде орналасқан, ортағасырлық махаббат символына айналған «Қарахан», «Айша-бибі» кесенелерінің тұрғызылу тарихы, халқымыздың жадында есте жоқ ескі замандардан бері сақталып келе жатқан аңыз-әңгімелері айтылды. Сонымен қатар Тараз шаһарымыздың тарихы тереңінен баяндалып, "Көне Тараз" археологиялық саябағында археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған құнды жәдігерлеріміз көрсетілді. Қонақтарға қазақ жеріндегі соның ішінде, тағылымды тарихы мен өрелі мәдениеті ерте кезеңдерден-ақ талайлардың таңдайын қақтырып, тамсандырған Жамбыл өңірінің тарихымен танысқандарына өте қатты қуантады. Қасиетті де киелі, сәулетті объектілерге бет бұрып, құран бағыштап қайтты.