Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / «Конституция – өркениет пен мәдениеттің тоғысы»

«Конституция – өркениет пен мәдениеттің тоғысы»

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Конституция – өркениет пен мәдениеттің тоғысы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты: «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлеріне Ата Заңымыздың сипаты, маңызы туралы және Ата Заңның қалыптасу тарихының кезеңдері мен оның ерекшеліктері туралы тереңірек түсінік беру. Дөңгелек үстелге Тараз қалалық прокуратурасынан Үміт Мырзаева, Әділет Департаментінен Әсел Бақытжанқызы және Ішкі істер Департаментінің қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Іс-шара барысында «Ата Заңым - айбарым!» атты кітап көрмесі мен ашық аспан астындағы «Көне Тараз» археологиялық саябағында жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылған құнды да бірегей жәдігерлерден жасақталған «Көне Тараздың құнды жәдігерлері» атты көрме қойылды. Сонымен қатар «XXI ғасырдың Конституциясы – құқықтың үстемдігі, адамның құндылығы және мемлекеттің тиімділігі» тақырыбында қысқаметражды бейнеролик көрсетілді.