«Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі
Тараз қаласында өткен «Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестиваліне шетелде тұратын және елдегі қандастар қатысты. Осы өнер фестиваліне еліміздің әр өңірінен келген қандастарымыздан бөлек, Түркия, Моңғолия, Украина, Ресей, Қытай, Өзбекстан сияқты мемлекеттерден елуге жуық өнерпаздар Тараз қаласында болды. Шет елдерден келген қандастарымызға сәулет өнерінің тамаша туындыларының бірі — Қарахан кесенесі, махаббаттың символына айналған, қазақтың «Тәж-Махалы» атанып кеткен Айша бибі кесенесінде, сонымен қатар Тараз қалашығын тамашалады.