Тарих және мәдениет ескерткіштерінде тазалық жұмыстары жалғасуда
Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде маусымдық тазалық жұмыстары жалғасуда.
«Тазалық – саулық негізі» дейді дана халқымыз. Тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру – әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлығын көрсетеді. Осы орайда музей-қорық қызметкерлері Тараз қаласынан шығысқа қарай 40 шақырым жерде, Ақшолақ темір жол станциясынан 6 шақырым оңтүстікке қарай Қырғыз Алатауының етегінде орналасқан Ақыртас сәулет-археологиялық кешенінде абаттандыру, келушілер отыратын орындықтарды сырлау, және күл-қоқыстардан тазалау жұмыстарын жүргізуде.
Қоғам тазалығын сақтау - бүгінгі күннің басты талабы және баршамызға ортақ іс.