Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / Біліктілікті арттыру онлайн курсына қатысты

Біліктілікті арттыру онлайн курсына қатысты

ЮНЕСКО – ның Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен іске асыратын "Ауғанстандағы, Орталық Азиядағы және Ирандағы Жібек жолы мұрасының дәліздері-еуропалық мәдени мұра жылының халықаралық аспектілері" жобасы шеңберінде ұйымдастырылған онлайн курсына біліктіліктерін арттыру мақсатында "Ежелгі Тараз ескерткіштері"мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының «Музей ісі және экскурсиялық қызмет көрсету» бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Жаттықтырушы Дара Бұқтоярованың жетекшілігімен "Туристік гидтерге арналған көпшілік алдында сөйлеу дағдылары" онлайн-курсы 2022 жылдың 18 шілдесі мен 12 тамызы аралығында өткізіледі.

Курстың мақсаты-Орталық Азия экскурсоводтарын дағдыларын жақсарту. Қатысушылар өз экскурсияларын актерлік дағдылар, сторителлинг және TED спикерлерінің тәсілдері арқылы барынша қызықты әрі тартымды етуге үйренеді.

Қатысушы мемлекеттер: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан