Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды
Бүгін "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Музей ісі және экскурсиялық қызмет көрсету» бөлімінің қызметкерлері тәжірибе алмасу мақсатында, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне барды. Мұнда өлкеміздің бай табиғи мұрасымен қатар, түрлі қазба байлықтары, тарихи бұйымдар орын алған. Жамбыл облысының тарихымен, археологиялық қазбалар кезінде табылған бірегей жәдігерлерімен кеңінен танысты. Сонымен қатар, өлке тарихымен және даңқты тұлғалары жайлы толық мағлұмат алды.


19 Июль 2022
1425
16 Нояб 2019