Государственный историко-культурный музей-заповедник

«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

Главная / Новости / Музей қоры құнды жәдігерлермен толықты

Музей қоры құнды жәдігерлермен толықты

Бүгін “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қоры құнды жәдігерлермен толықты.

Жәдігерлер - ХІV ғ. жататын күміс динар, ХІІІ ғ. мыс монеталары және мыстан жасалған қазан.

Құнды бұйымдарды Тараз қаласының тұрғыны Искандеров Рафаэль сыйға тартты. Байзақ ауданы Аққұм қалашығының маңынан табылған екен. Алдағы уақытта нумизмат П.Н. Петровпен бірге монеталарға ғылыми жұмыстар жүргізілетін болады.

Осындай игі істерді атқарып жүрген азаматтарымызға үлкен алғысымызды білдіре отырып, музей-қорығы атынан Алғыс хат тапсырылды.