Мемлекеттік қызметшілер күні құтты болсын!

Құрметті мемлекеттік қызметшілер,Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Мемлекеттік қызметті атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан сіздерге көрсетілген ерекше сенімнің белгісі. Ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу - абыройлы, әрі жүгі ауыр жауапкершілігі мол жұмыс.
Сіздердің күш-жігерлеріңіз алдағы уақытта да елімізді, оның экономикасын дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталатынына сенімдіміз. Айтулы мерекеге байланысты Сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасыңызға береке-бірлік, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбегіңізге сәттілік тілейміз!
Ізгі ниетпен "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы.
23 Июнь 2022
1379
16 Нояб 2019